1941-1960 ЖЫЛДАРДАҒЫ ҚАЗАҚ БАСТАУЫШ МЕКТЕП ОҚУЛЫҚТАРЫНДАҒЫ ЕҢБЕК ТӘРБИЕСІНІҢ МАЗМҰНДЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
О.Г. Турсынбaeв, К.Т. ЫбыраимжановЗерттеудің мақсаты – 1941–1960 жылдардағы қазақ бастауыш мектеп оқулықтарындағы еңбек тәрбиесінің мазмұндық ерекшеліктерін анықтау және оны оқу бағдарламалары, архивтік есептер, пәндік талаптар мен мектеп тәжірибесі негізінде саралау. Зерттеудің негізгі идеясы бастауыш мектептегі еңбек тәрбиесі жеке тақырып немесе дербес пән ретінде ғана емес, оқу мәтіндері, жазу дағдылары, арифметикалық есептер, табиғат пен география материалдары, сурет, дене шынықтыру, қоғамдық пайдалы еңбек және ауылдық өмірге қатысты тапсырмалар арқылы қалыптасқан кешенді мазмұн болғанын көрсетуге бағытталды. Әдіснамалық негіз ретінде деректік-контенттік зерттеу, пәндік-мазмұндық интерпретация, салыстырмалы-хронологиялық жүйелеу және мектеп тәжірибесін микродеңгейде түсіндіру тәсілдері қолданылды. Дереккөздер қатарына 1940 және 1941 жылдардағы бастауыш мектеп бағдарламалары, 1950–1960 жылдардағы халық ағарту материалдары, облыстық мектеп есептері, архивтік құжаттар және кеңестік мектеп пен оқулық мазмұнын зерттеген ғылыми еңбектер енгізілді. Зерттеу нәтижелері еңбек тәрбиесінің үш деңгейде көрінгенін айқындады. Бірінші деңгейде оқулық мәтіндері еңбек адамының бейнесін, тәртіпті, ұқыптылықты және жауапкершілікті бекітті. Екінші деңгейде пәндік тапсырмалар оқушының оқу еңбегін, есептеу, бақылау, жазу, бейнелеу және денелік дайындық дағдыларын дамытты. Үшінші деңгейде мектеп тәжірибесі оқушыны қоғамдық пайдалы еңбекке, ауыл шаруашылығына көмекке және ұжымдық әрекетке тартты. Мақаланың ғылыми маңызы еңбек тәрбиесін жалпы білім беру реформалары шеңберінде емес, қазақ бастауыш мектебі оқулықтарының ішкі мазмұндық құрылымы ретінде қарастыруымен айқындалады. Практикалық маңызы кеңестік кезеңдегі бастауыш білім мазмұнын қазіргі құндылықтық тәрбие, еңбек мәдениеті және оқулықтану мәселелерімен байланысты талдауға мүмкіндік беруінен көрінеді.
Цель исследования – выявить содержательные особенности трудового воспитания в учебниках казахской начальной школы 1941-1960 годов и рассмотреть их на основе учебных программ, архивных отчетов, предметных требований и школьной практики. Основная идея исследования заключается в том, что трудовое воспитание в начальной школе формировалось не только как отдельная тема или самостоятельный предмет, но и как комплексное содержание, представленное через учебные тексты, навыки письма, арифметические задачи, материалы по природоведению и географии, рисование, физическую культуру, общественно полезный труд и задания, связанные с сельской повседневностью. Методологическую основу составили источниковедческо-контентное исследование, предметно-содержательная интерпретация, сравнительно-хронологическая систематизация и объяснение школьной практики на микроуровне. В качестве источников использованы программы начальной школы 1940 и 1941 годов, материалы по вопросам народного просвещения 1950–1960 годов, областные школьные отчеты, архивные документы и научные труды о советской школе и содержании учебников. Результаты исследования показали, что трудовое воспитание проявлялось на трех уровнях: в образе человека труда, в предметных заданиях и в практическом вовлечении учащихся в коллективную деятельность. Научная значимость статьи определяется рассмотрением трудового воспитания как внутреннего содержательного элемента учебников казахской начальной школы.
The purpose of the study is to identify the content features of labor education in Kazakh primary school textbooks in 1941–1960 by examining curricula, archival reports, and public education materials. The central idea is that labor education in primary school was broader than a separate topic or subject. It was shaped through reading texts, writing, arithmetic tasks, natural science and geography materials, drawing, physical education, public service work, and everyday school practice. The methodological framework combines source-based content research, comparative chronological systematization, and subject-content interpretation. The source base includes the 1940 and 1941 curricula, guiding materials of 1950–1960, annual school reports, and archival evidence on pupils’ participation in public service work. The findings show that labor education had an integrative character. It connected moral ideas about labor, practical learning skills, the rural and agricultural context, discipline, collective responsibility, and the policy of linking school with life beyond formal classroom practice.