ӨҢІРЛІК КОМПОНЕНТКЕ НЕГІЗДЕЛГЕН ЭЛЕКТИВТІ КУРС АРҚЫЛЫ КОЛЛЕДЖ БІЛІМ АЛУШЫЛАРЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
М.Қ. Рамазанова, А.А. КитапбаеваМақалада қоғамның негізгі дамытушы тетіктерінің бірі ретінде кәсіптік білім беру ұйымдарында ғылыми-зерттеу құзыреттілігін өңірлік компонент негізінде қалыптастыру мәселесі қарастырылады. Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаев атап өткендей, кәсіптік білім беруді модернизациялау қажет, яғни болашақ маман қоғамның бүгінгі заман талаптарына толық сай болуы керек. Қарыштап дамыған әлемдік инновациялар ең алдымен ғылыми капиталды қалыптастыруды қажет етуде. Сондықтан болашақ мамандар бойында ғылыми-зерттеу құзыреттіліктерін қалыптастыру өзекті тақырып болып отырғаны анық. Зерттеудің мақсаты – дәрілік өсімдіктерді оқыту үдерісінде пайдалану арқылы білім алушылардың зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру тиімділігін анықтау. Зерттеу барысында педагогикалық бақылау, сауалнама, тәжірибелік жұмыс және нәтижелерді салыстырмалы талдау әдістері қолданылды. Мақалада кең көлемде тақырыпқа сай әдеби деректер сараланып, ғылыми-зерттеу құзыреттілігі ұғымының мәні ашылып, талдау жасалады. Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласындағы С. Аманжолов атындағы Жоғары колледж базасында «Зертханалық технология» мамандығының 1-2 курсының 54 білім алушысы эксперимент және бақылаушы топтар ретінде «Дәрілік өсімдіктерді өңірлік компонент ретінде қолдана отырып білім алушылардың ғылыми зерттеу құзыреттіліктерін қалыптастыру» атты элективті курс негізінде педагогикалық зерттеуге қатысты. Колледж базасында ғылыми-зерттеу құзыреттілігін қалыптастырудың практикалық негіздері талданып, дағдылар негізгі 3 аспект бойынша бағаланды: коммуникативтік, зерттеушілік, мотивациялық. Педагогикалық зерттеу аясында эксперименттік топта барлық аспектілер бойынша негізгі дағдылар орта есеппен 20% жақсарғанын көрсетсе, бақылау тобында аз деңгейде өзгеріс болды. Бұл зерттеу жұмысы элективті курс арқылы білім беру процесіне кіріктірілген тәжірибеге бағытталған модельдің нәтижелігін растайды. Алынған нәтижелер кәсіптік білім беру ұйымдарында, ЖОО орындарында пайдалануы мүмкін.
В статье рассматривается вопрос формирования научно-исследовательской компетенции в организациях профессионального образования на основе регионального компонента как одного из основных развивающих механизмов общества. Как отметил глава государства К.К. Токаев, необходимо модернизировать профессиональное образование, чтобы будущий специалист полностью соответствовал современным требованиям общества. Динамично развивающиеся мировые инновации требуют прежде всего формирования научного капитала. Поэтому, очевидно, актуальной темой становится формирование у будущих специалистов научно-исследовательских компетенций. Цель исследования-определить эффективность формирования исследовательских навыков обучающихся с использованием лекарственных растений в процессе обучения. В ходе исследования были использованы методы педагогического контроля, анкетирования, экспериментальной работы и сравнительного анализа результатов. В статье проанализированы литературные данные по широкому кругу тем, раскрыта сущность понятия научно-исследовательской компетенции. проводится анализ. С. Усть-Каменогорск Восточно-Казахстанской области На базе высшего колледжа им. Аманжолова 54 обучающихся 1-2 курсов специальности «Лабораторная технология «приняли участие в педагогическом исследовании на основе элективного курса» формирование научно-исследовательских компетенций обучающихся с использованием лекарственных растений в качестве регионального компонента " в качестве экспериментальных и контрольных групп. Проанализированы практические основы формирования научно-исследовательской компетенции на базе колледжа, оценены навыки по 3 основным аспектам: коммуникативным, исследовательским, мотивационным. В рамках педагогического исследования, в то время как в экспериментальной группе базовые навыки по всем аспектам показали улучшение в среднем на 20%, в контрольной группе наблюдались небольшие изменения. Данная исследовательская работа подтверждает результативность практико-ориентированной модели, интегрированной в образовательный процесс посредством элективного курса. Полученные результаты могут быть использованы в организациях профессионального образования, вузах.
The article considers the issue of the formation of scientific and research competence in professional education organizations based on the regional component as one of the main developing mechanisms of society. As the head of state K.K. Tokayev noted, it is necessary to modernize professional education so that the future specialist fully meets the modern requirements of society. Dynamically developing global innovations require, first of all, the formation of scientific capital. Therefore, it is obvious that the formation of scientific and research competencies among future specialists is becoming an urgent topic. The purpose of the study is to determine the effectiveness of the formation of research skills of students using medicinal plants in the learning process. The research used methods of pedagogical control, questionnaires, experimental work and comparative analysis of the results. The article analyzes the literature data on a wide range of topics, reveals the essence of the concept of research competence. an analysis is being carried out. With. Ust-Kamenogorsk, East Kazakhstan region, On the basis of the Amanzholov Higher College, 54 students of 1-2 courses of the Laboratory Technology specialty participated in a pedagogical study based on the elective course "formation of research competencies of students using medicinal plants as a regional component" as experimental and control groups. The practical foundations of the formation of research competence on the basis of the college are analyzed, skills are assessed in 3 main aspects: communicative, research, motivational. In the framework of the pedagogical study, while in the experimental group basic skills in all aspects showed an improvement of an average of 20%, in the control group there were small changes. This research work confirms the effectiveness of a practice-oriented model integrated into the educational process through an elective course. The results obtained can be used in professional education organizations and universities.