DOI: 10.53355/zhu.2026.120.3.015 ISSN: 1813-1123

«ҚОРҚЫТ АТА КІТАБЫНДАҒЫ» ЖЫРЛАРДЫ СТУДЕНТТЕРГЕ ОҚЫТУДЫҢ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ

Н. Серікбек, Б.С. Сарбасов, Ж.Т. Асанов

Мақалада «Қорқыт ата кітабындағы» жырларды студенттерге оқыту барысында, оқу-тәрбие үдерісінде, яғни оларға білім беру, тәрбиелеу және дамытуда қолданылатын жаңа әдіс-тәсілдер қарастырылады. Оқытуда проблемалық оқыту технологиясын қолдану – бүгінгі таңда білім берудің өзекті мәселесі болып табылады. Сондықтан студенттерге Қорқыт ата жырын оқытуда қолданылатын жаңа ақпараттық технологияларға басымдық берілді. Зерттеу материалы ретінде «Қорқыт ата кітабындағы» жырлар негізге алынды. Бұл тақырыптың өзектілігі студенттердің сабақ барысында проблемалық оқыту технологиясын пайдалана отырып, тарихи шежірелер турасында теориялық білімдерін ұштау және оны практика жүзінде жүзеге асыру жолдарымен ерекшеленеді. Тарихымызды зерттеудегі құнды шығармалардың бірі болып саналатын фольклорлық шығармалар студенттің өн бойына рухани азық болар дағдыларды үйретуге, бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыруға жол ашады. Сонымен қатар Қорқыт ата жырларын оқытуда проблемалық оқыту технологиясын қолдану студенттердің ой-өрісін кеңейтуге, оқуға деген ынтасын арттыруға, оқу үдерісіне белсене араласуына, пәнге деген қызығушылығын арттыруға мол мүмкіндік туғызады. Мақалада фольклорлық шығармаларды оқыту арқылы проблемалық оқыту технологиясын пайдаланудың қажеттілігі мен тиімділігі, ақпараттық технологияны ұтымды пайдалану мүмкіндігі кеңінен қарастырылады.

В статье рассматриваются новые методы и подходы, используемые в обучении учащихся стихотворениям из «Книги Коркыт-Ата» в рамках образовательного процесса, то есть в их воспитании, развитии и совершенствовании. Использование технологий проблемно-ориентированного обучения в преподавании является актуальной проблемой в современном образовании. Поэтому приоритет был отдан новым информационным технологиям, используемым при обучении студентов стихам Коркит-Аты. В качестве основы для исследовательского материала были использованы стихи из «Книги Коркит-Аты». Актуальность данной темы обусловлена тем, что студенты в ходе урока, используя технологию проблемного обучения, оттачивают теоретические знания в курсе исторических летописей и реализуют их на практике. Фольклорные произведения, являющиеся одним из ценных произведений в изучении нашей истории, позволяют обучать студентов духовным навыкам питания, формировать конкурентоспособную личность. Кроме того, применение технологии проблемного обучения в обучении песням Коркыт-ата дает широкие возможности для расширения кругозора студентов, повышения мотивации к обучению, активного участия в учебном процессе, повышения интереса к предмету. В статье широко рассматриваются необходимость и эффективность использования технологии проблемного обучения через преподавание фольклорных произведений, возможность рационального использования информационных технологий.

The article considers new methods and approaches used in teaching poems from the "Book of Korkyt Ata" to students, in the educational process, that is, in their education, upbringing and development. The use of problem-based learning technology in teaching is a relevant issue in education today. Therefore, priority was given to new information technologies used in teaching Korkyt Ata's poems to students. The poems in the "Book of Korkyt Ata" were used as the basis for the research material. The relevance of this topic is due to the fact that students use the technology of problem-based learning in the course of classes to sharpen their theoretical knowledge about historical chronicles and implement it in practice. Folklore works, which are considered one of the most valuable works in the study of our history, will serve as spiritual food for the student, will allow him to teach skills and form a competitive personality. At the same time, the use of problem-based learning technologies in teaching korkyt Ata songs creates a great opportunity for students to broaden their horizons, increase their motivation to learn, actively participate in the educational process, and increase their interest in the subject. The article discusses the need and effectiveness of the use of problem-based learning technology by teaching folklore works, the possibility of rational use of Information Technology.