DOI: 10.53355/zhu.2026.119.2.021 ISSN: 1813-1123

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОҚУШЫЛАР ҰЙЫМДАРЫНЫҢ СОҒЫСТАН КЕЙІНГІ ТРАНСФОРМАЦИЯСЫ: ДАМУ ДИНАМИКАСЫ МЕН ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ ҚИЫНДЫҚТАР

О.Г. Турсынбaeв, К.Т. Ыбыраимжанов

Зерттеудің мақсаты – Ұлы Отан соғысынан кейінгі кезеңде (1945–1960 жж.) Қазақстандағы оқушылар ұйымдарының (пионер, комсомол және мектепішілік бірлестіктер) даму бағыттарын, қызмет мазмұнын және институционалдық қиындықтарын айқындау, сондай-ақ олардың әлеуметтік-мәдени ықпалын бағалау. Зерттеудің негізгі идеясы оқушылар ұйымдарының кеңестік идеологияны жас ұрпақ санасына орнықтыру тетігі ретінде қызмет еткенін, сонымен бірге ұжымшылдық, тәртіп, патриотизм және қоғамдық белсенділік дағдыларын қалыптастыруға ықпал жасағанын дәлелдеуге негізделеді. Зерттеу бағыттарына ұйымдардың тарихи-идеологиялық негіздерін талдау, құрылымы мен қызмет түрлерін сипаттау, материалдық-техникалық және кадрлық тапшылықты, ұйымдастырушылық әлсіздік пен идеологиялық қысымды анықтау, тәрбиелік ықпалын бағалау және қазіргі оқушылар ұйымдарымен салыстырмалы талдау жасау енгізілді. Зерттеудің ғылыми маңыздылығы соғыстан кейінгі тәрбиелік институттардың эволюциясын нақты деректер негізінде жүйелеумен және Қазақстан тарихы мен педагогикасындағы жеткілікті зерттелмеген қырларды толықтырумен айқындалады. Практикалық маңыздылығы тарихи тәжірибедегі тиімді элементтерді қазіргі тәрбие жұмысына бейімдеуге және осы негізде қолданбалы ұсынымдар ұсынуға байланысты. Әдіснама ретінде тарихи-педагогикалық, салыстырмалы, хронологиялық және құжаттық талдау тәсілдері пайдаланылды; дереккөздер қатарын архив материалдары, ресми құжаттар, мерзімді баспасөз және естеліктер құрады. Зерттеу нәтижелері ұйымдардың соғыстан кейінгі қалпына келуі күрделі әлеуметтік-экономикалық жағдайда жүргенін, соған қарамастан олардың мектеп өмірін ұйымдастыруда, оқушыларды қоғамдық пайдалы еңбекке, мәдени-көпшілік және әскери-патриоттық іс-шараларға тартуда елеулі рөл атқарғанын көрсетті. Мақалада жинақталған тарихи тәжірибе қазіргі білім беру жүйесінде азаматтық жауапкершілік пен әлеуметтік белсенділікті күшейтудің әдістемелік негіздерінің бірі бола алатыны тұжырымдалды.

Цель исследования – выявить направления развития, содержание деятельности и ключевые трудности ученических организаций (пионерских, комсомольских и школьных объединений) в Казахстане в послевоенный период (1945–1960 гг.), а также определить их социально-культурное влияние. Идея исследования состоит в обосновании того, что данные организации выступали одним из главных механизмов внедрения советской идеологии и одновременно играли заметную роль в формировании коллективизма, дисциплины и патриотических установок у школьников. Основные направления включают анализ историко-идеологических оснований, характеристику структуры и форм работы, выявление препятствий (материально-технический дефицит, кадровая недостаточность, организационная слабость, идеологическое давление), оценку воспитательного эффекта и сопоставление с современными ученическими организациями. Научная значимость заключается в систематизации малоизученных аспектов эволюции послевоенных воспитательных институтов и расширении знаний в области истории Казахстана и педагогики. Практическая значимость связана с возможностью адаптировать эффективные элементы исторического опыта для совершенствования современной воспитательной работы в школе. Методологическую основу составили историко-педагогический анализ, сравнительный, хронологический и документальный подходы. Источниковая база включает архивные материалы, официальные постановления и инструкции, отчеты образовательных учреждений, материалы периодической печати и воспоминания. Результаты показали, что восстановление деятельности ученических организаций происходило в условиях серьезных социально-экономических ограничений, однако эти структуры способствовали активизации школьной общественной жизни и вовлечению детей в общественно полезный труд, культурно-массовые и военно-патриотические мероприятия. Выявленный опыт может быть использован для развития гражданской ответственности и социальной активности учащихся в современной системе образования.

The purpose of this study is to identify the development trends, activity patterns, and key challenges faced by student organizations (Pioneer, Komsomol, and school-based associations) in postwar Kazakhstan (1945–1960), and to assess their socio-cultural impact. The central idea is that these organizations functioned as an effective mechanism for disseminating Soviet ideology while also shaping students’ collectivist values, discipline, and patriotic attitudes. The main research directions include examining historical and ideological foundations, describing organizational structures and major forms of activity, determining obstacles such as material shortages, lack of qualified staff, weak organizational capacity, and ideological pressure, evaluating educational influence, and comparing postwar practices with contemporary student organizations. The study’s scientific significance lies in systematizing underexplored aspects of postwar educational institutions and enriching scholarship in the history of Kazakhstan and pedagogy. Its practical significance is related to adapting effective historical practices for improving modern school-based educational and civic engagement programs. The methodological framework combines historical-pedagogical analysis with comparative, chronological, and documentary methods. The evidence base includes archival documents, institutional reports, official regulations and guidelines, periodicals, and memoir sources. The findings show that the restoration and expansion of student organizations occurred under severe socio-economic constraints, yet these structures contributed to revitalizing school social life and engaging students in community service (publicly useful labor), cultural and military-patriotic activities. The conclusions emphasize that the identified historical experience can inform contemporary approaches to strengthening civic responsibility and students’ social participation within the education system.

More from our Archive