ОҚУШЫЛАРДЫҢ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІ МЕН ӨЗІНДІК ОЙЛАУЫН ДАМЫТУ
Р.А. Қозыкеева, Г.Б. Алпамысова, А.Б. Алпамысова, Ж.Ж. КанагатовҚазіргі кезде республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік оқу кеңістігіне өтуге дайындалуда. Әлемдік білім саласындағы өзгерістер, экономиканы дамытудағы жаңа стратегиялық бағдарламалар, қоғамның ашықтығы, жедел ақпараттануы мен қарқынды дамуы білім саласына қойылатын талаптарды өзгертті. Пәнді оқытуда практикалық білім беруде жаңа технологиялардың алатын орны мен қызметін айқындау бағытында жұмыстар жүргізілді. Химия пәнінен жоғары молекулалы қосылыстар тарауын, олардың қолданылу аясын жаңа технологияларды пайдалана отырып оқыту қарастырылған. Білім алушыларға химия пәнінен жоғары молекулалы қосылыстар тарауы бойынша дидактикалық материалдар дайындаудың әдіс тәсілдері нақтыланды. Химия пәнінен жоғары молекулалы қосылыстар тарауын рөлдік ойын технологиясын пайдалана отырып оқыту үлгісі жасалды. Оқытудың жаңа технологияларын пайдалана отырып қорытынды сабақ өту нәтижесінде оқушылардың теориялық білімдері шыңдалып, өзіндік ізденісі, кәсіпке деген бейімділігі айқындалып пәнге деген қызығушылықтары артады. Жаңа технологиялық оқыту әдісі білім алушылардың интеллектуалдық қабілеттерін және өзіндік ойлауды дамытады, оқу материалын берік сіңіреді, ақыл мен ойды қолданып зерттелетін құбылыстарға терең меңгеруі, шығармашылық, өзіндік ізденіс әрекетіне қабілеттілігі артады, нақты өндірістік практикада кәсіптік білімді қолдану, біліктілік пен машықтық қалыптасады.
В настоящее время в нашей республике создается новая система образования, которая готовится к выходу в мировое образовательное пространство. Изменения в сфере мирового образования, новые стратегические программы развития экономики, открытость общества, быстрые информационные технологии и стремительное развитие изменили требования к сфере образования. Работа проводилась в направлении определения места и функции новых технологий в практическом образовании при преподавании предметов. Из предмета химия планируется преподавать главу высокомолекулярные соединения, сферы их применения с использованием новых технологий. Уточнены приемы и способы подготовки дидактических материалов для студентов по предмету «Химия» по главе «Высокомолекулярные соединения». Создана модель преподавания главы «Высокомолекулярные соединения химии» с использованием ролевой технологии. В результате итогового занятия с использованием новых технологий обучения закрепляются теоретические знания учащихся, определяются их собственные исследовательские, профессиональные наклонности, повышается интерес к предмету. Новый технологический метод обучения развивает интеллектуальные способности и самостоятельное мышление учащихся, прочно усваивает учебный материал, углубляет изучаемые явления с помощью ума и мышления, повышает способности к творческой деятельности, самостоятельному исследованию, использованию профессиональных знаний в реальной производственной практике, формируются навыки и подготовка.
Currently, a new education system is being created in our republic, which is preparing to enter the global educational space. Changes in the field of global education, new strategic programs for economic development, openness of society, fast information technologies and rapid development have changed the requirements for the education sector. The work was carried out in the direction of determining the place and function of new technologies in practical education when teaching subjects. From the subject of chemistry it is planned to teach the chapter on macromolecular compounds and their areas of application using new technologies. The techniques and methods for preparing didactic materials for students in the subject “Chemistry” in the chapter “High Molecular Compounds” have been clarified. A model has been created for teaching the chapter “High Molecular Compounds of Chemistry” using role-playing technology. As a result of the final lesson using new teaching technologies, students’ theoretical knowledge is consolidated, their own research and professional inclinations are determined, and interest in the subject increases. The new technological teaching method develops the intellectual abilities and independent thinking of students, firmly assimilates educational material, deepens the studied phenomena with the help of the mind and thinking, increases the ability for creative activity, independent research, the use of professional knowledge in real production practice, skills and training are formed.