ЖОО-ДА ҚАЗАҚ ТІЛІН ЕКІНШІ ТІЛ РЕТІНДЕ ОҚЫТУДА ЕТІС ФОРМАЛАРЫН КОММУНИКАТИВТІК ТӘСІЛМЕН МЕҢГЕРТУ
Н.М. Абишева, Д.А. Капасова, А.С. БурахановаМақалада жоғары оқу орны жағдайында етіс формаларын оқыту үдерісінде коммуникативтік әдісті қолдану мәселесі қарастырылады. Зерттеу тақырыбының өзектілігі қазіргі көптілді білім беру кеңістігінде студенттердің коммуникативтік құзыреттілігін арттыру қажеттілігімен, сондай-ақ грамматикаға басымдық беретін дәстүрлі оқыту тәсілдерінің шектеулерін еңсеру қажеттігімен айқындалады. Зерттеу барысында жоғары оқу орнының студенттерінен құралған бақылау және эксперименттік топтармен педагогикалық эксперимент жүргізілді. Эксперименттік топқа қазақ тіліндегі етіс категориясының әртүрлі формалары (мысалы, өздік, ортақ, ырықсыз, өзгелік етіс) бойынша білім беру коммуникативтік тапсырмалар мен интерактивті әрекеттер арқылы ұйымдастырылды, ал бақылау тобы осы материалды дәстүрлі дәрістер мен жаттығулар арқылы меңгерді. Нәтижелерді салыстырмалы талдау коммуникативтік әдістеменің етіс формаларын меңгеру және оларды тәжірибеде қолдану деңгейін едәуір арттыратынын растады. Эксперименттік топ студенттері түрлі етіс формаларын мәтінде дұрыс және еркін қолдану қабілетін көрсетіп, бақылау тобымен салыстырғанда анағұрлым жоғары уәждеме мен белсенділік танытты. Осылайша, жоғары білім беру деңгейінде грамматиканы оқытуға коммуникативтік тәсілдерді кіріктіру студенттердің тілдік дәлдігі мен қатысымдық сөйлеу шеберлігін қатар дамытуда тиімді екендігі туралы қорытынды жасалды. Алынған нәтижелердің практикалық маңызы жоғары. Мәселен, ұсынылған тәсілді оқу бағдарламаларын әзірлеуде, оқытушылардың біліктілігін арттыруда және қазақ тілін оқытудың қатысымдық-бағдарланған стратегияларын кеңейтуде қолдануға болады. Сонымен қатар, мақала грамматиканы оқыту әдістемесін жетілдіруге бағытталған кейінгі зерттеулерге негіз болады. Атап айтқанда, қазақ тілін екінші тіл немесе шетел тілі ретінде үйретуде осы коммуникативтік тәсілдің рөлі ерекше.
Данная статья посвящена применению коммуникативного метода обучения при преподавании залоговых форм глагола в условиях высшего учебного заведения. Актуальность темы обусловлена необходимостью повышения коммуникативной компетенции студентов в контексте современной полиязычной образовательной среды, а также стремлением преодолеть ограничения традиционных методик преподавания, ориентированных преимущественно на изучение грамматических правил. В рамках исследования проведён педагогический эксперимент с участием контрольной и экспериментальной групп студентов вуза. Экспериментальная группа обучалась казахским залоговым формам глагола (например, возвратный, взаимный, страдательный, побудительный залог) посредством коммуникативных заданий и интерактивной деятельности, тогда как контрольная группа осваивала этот материал с использованием традиционных лекций и упражнений. Сравнительный анализ результатов подтвердил гипотезу о том, что коммуникативная методика значительно улучшает степень усвоения и практического применения залоговых форм глагола. Студенты экспериментальной группы продемонстрировали более умелое, правильное и свободное употребление различных залоговых форм в контексте, а также проявили более высокую мотивацию и активность по сравнению с контрольной группой. Таким образом, сделан вывод, что интеграция коммуникативных приёмов в преподавании грамматики на уровне вуза является эффективной для развития у обучающихся как точности, так и беглости речи. Полученные результаты имеют практическую значимость: предложенный подход может применяться при разработке учебных программ, повышении квалификации преподавателей и расширении коммуникативно-ориентированных стратегий обучения казахскому языку. Кроме того, статья намечает перспективы дальнейших исследований, направленных на совершенствование методики обучения грамматике.
This article examines the use of the communicative teaching method during the instruction of verb voice forms (diathesis) in a university setting. The relevance of the topic stems from the need to enhance students’ communicative competence in the context of modern multilingual education and to overcome the limitations of traditional grammar-focused teaching approaches. The study employed a pedagogical experiment with control and experimental groups of university students. The experimental group received instruction on Kazakh verb voice forms (e.g., reflexive, reciprocal, passive, causative) through communicative tasks and interactive activities, whereas the control group was taught using conventional lecture and exercise methods. Comparative analysis of the results supports the hypothesis that communicative methodology significantly improves the mastery and practical usage of voice forms. Students in the experimental group demonstrated a greater ability to correctly and fluently use various voice forms in context, with noticeably higher motivation and participation, compared to the control group. Based on these findings, the article concludes that incorporating communicative techniques into teaching grammar at the tertiary level is effective for developing both accuracy and communicative fluency. The proposed approach can be applied in practice for curriculum design and teacher training, and it offers potential for further research in improving grammar teaching strategies.