ЖОО-ДАҒЫ ШЕТЕЛДІК СТУДЕНТТЕРДІҢ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫНА ҚАТЫСУЫН ЫНТАЛАНДЫРУДЫҢ ТЕТІКТЕРІ
М.Б. Амирканов, А.М. Кудайбергенова, А.М. ХайрулдаеваБұл мақалада жоғары оқу орындарындағы шетелдік студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысына қатысуын ынталандыратын психологиялық, педагогикалық және әлеуметтік тетіктер кешенді түрде қарастырылады. Зерттеу мақсаты – шетелдік студенттердің ғылыми-зерттеу іс-әрекетіне қызығушылығын арттыратын мотивациялық факторларды, педагогикалық қолдау тетіктерін және университеттік ортаның ұйымдастырушылық мүмкіндіктерін айқындау, сондай-ақ олардың өзара байланысын теориялық және эмпирикалық тұрғыдан негіздеу. Зерттеу нәтижелері ғылыми-зерттеу жұмысына қатысу студенттердің кәсіби құзыреттілігін дамытып, сыни және шығармашылық ойлауын жетілдіретінін, тұлғалық әлеуетін ашуға және өзін-өзі жүзеге асыруына мүмкіндік беретінін көрсетті. Сонымен қатар, зерттеушілік белсенділік шетелдік студенттердің мәдениетаралық бейімделуіне, университеттік ортаға әлеуметтік-интеллектуалдық тұрғыдан табысты интеграциялануына оң ықпал ететіні анықталды. Зерттеу әдістемесі сапалық және сандық әдістерді ұштастыратын кешенді дизайнға негізделді. Деректерді жинау үшін «Google Forms» платформасында әзірленген құрылымдалған сауалнама, жартылай құрылымдалған сұхбат және жүйелі бақылау әдістері қолданылды. Сауалнама нәтижелері «Microsoft Excel» бағдарламасында пайыздық үлестерді есептеу, салыстырмалы көрсеткіштерді анықтау және диаграммалар арқылы визуализациялау негізінде өңделді. Сапалық деректер мазмұндық талдау әдісімен сарапталды. Бақылау және эксперименттік топтардың нәтижелерін салыстыру үшін салыстырмалы-талдау әдістері пайдаланылды. Эмпирикалық зерттеуге барлығы 118 шетелдік студент қатысты: 59 студент бақылау тобына, 59 студент эксперименттік топқа енгізілді. Зерттеу нәтижелері студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысына қатысу деңгейі педагогикалық қолдаудың сапасына, мотивациялық ортаның тиімді ұйымдастырылуына және ғылыми жетекшімен өзара әрекеттестіктің нәтижелілігіне тікелей байланысты екенін дәлелдеді. Интервенциялық бағдарлама енгізілген эксперименттік топта зерттеушілік мотивацияның, академиялық сенімділіктің және ғылыми-зерттеу белсенділігінің айтарлықтай артқаны байқалды. Жүргізілген зерттеу шетелдік студенттердің зерттеушілік әлеуетін өзектендіру жоғары білім беру жүйесінде білім сапасын арттырудың маңызды факторы екенін айқындады. Зерттеудің практикалық маңыздылығы университеттер үшін шетелдік студенттерді ғылыми-зерттеу жұмысына тиімді тартудың моделін ұсынуымен сипатталады.
В данной статье комплексно рассматриваются психологические, педагогические и социальные механизмы, стимулирующие участие иностранных студентов в высших учебных заведений в научно-исследовательской работе. Цель исследования заключается в выявлении мотивационных факторов, механизмов педагогической поддержки и организационных возможностей университетской среды, способствующих повышению интереса иностранных студентов к научно-исследовательской деятельности, а также в теоретическом и эмпирическом обосновании их взаимосвязи. Результаты исследования показали, что участие в научно-исследовательской работе способствует развитию профессиональных компетенций студентов, совершенствованию их критического и творческого мышления, раскрытию личностного потенциала и самореализации. Кроме того, установлено, что исследовательская активность оказывает положительное влияние на межкультурную адаптацию иностранных студентов и их успешную социально-интеллектуальную интеграцию в университетскую среду. Методика исследования основывалась на комплексном дизайне, сочетающем качественные и количественные методы. Для сбора данных были использованы структурированная анкета, разработанная на платформе «Google Forms», полуструктурированное интервью и метод систематического наблюдения. Результаты анкетирования были обработаны в программе «Microsoft Excel» посредством расчёта процентных показателей, определения сравнительных данных и визуализации результатов с помощью диаграмм. Качественные данные были проанализированы методом контент-анализа. Для сравнения результатов контрольной и экспериментальной групп применялись сравнительно-аналитические методы. В эмпирическом исследовании приняли участие 118 иностранных студентов: 59 студентов вошли в контрольную группу и 59 студентов – в экспериментальную группу. Результаты исследования доказали, что уровень участия студентов в научно-исследовательской работе напрямую зависит от качества педагогической поддержки, эффективности организации мотивационной среды и результативности взаимодействия с научным руководителем. В экспериментальной группе, где была внедрена интервенционная программа, наблюдалось значительное повышение исследовательской мотивации, академической уверенности и научно-исследовательской активности. Проведённое исследование показало, что актуализация исследовательского потенциала иностранных студентов является важным фактором повышения качества образования в системе высшего образования. Практическая значимость исследования заключается в предложении модели эффективного привлечения иностранных студентов к научно-исследовательской работе в условиях университета.
This article provides a comprehensive analysis of the psychological, pedagogical, and social mechanisms that encourage the participation of international students in research activities at higher education institutions. The purpose of the study is to identify motivational factors, pedagogical support mechanisms, and the organizational opportunities of the university environment that contribute to increasing international students’ interest in research activities, as well as to theoretically and empirically substantiate their interrelation. The findings of the study show that participation in research activities contributes to the development of students’ professional competencies, enhances their critical and creative thinking, and supports the realization of their personal potential and self-fulfillment. In addition, research engagement was found to have a positive impact on the intercultural adaptation of international students and their successful socio-intellectual integration into the university environment. The research methodology was based on a comprehensive design combining qualitative and quantitative methods. Data were collected using a structured questionnaire developed on the Google Forms platform, semi-structured interviews, and systematic observation. The survey results were processed in Microsoft Excel by calculating percentages, identifying comparative indicators, and visualizing the data through charts. Qualitative data were analyzed using the content analysis method. Comparative analytical methods were applied to compare the results of the control and experimental groups. A total of 118 international students participated in the empirical study: 59 students were assigned to the control group and 59 students to the experimental group. The research findings demonstrated that the level of students’ participation in research activities is directly related to the quality of pedagogical support, the effective organization of the motivational environment, and the productivity of interaction with the research supervisor. In the experimental group, where the intervention program was implemented, a significant increase in research motivation, academic confidence, and research activity was observed. The study established that the actualization of international students’ research potential is an important factor in improving the quality of education within the higher education system. The practical significance of the study lies in proposing a model for effectively involving international students in research activities in the university context.