БОЛАШАҚ КӘСІПТІК ОҚЫТУ ПЕДАГОГЫНЫҢ КОМПЬЮТЕРЛІК-ГРАФИКАЛЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ЗАМАНАУИ ҮРДІСТЕРІ
Ш.А. Битемирова, С.А. Жолдасбекова, Ж.Т. СаймбетоваМақалада болашақ кәсіптік оқыту педагогының компьютерлік-графикалық құзыреттілігін қалыптастырудың заманауи үрдістері маңызды мәселелердің бірі ретінде қарастырылады. Бүгінгі таңдағы кәсіптік оқытудың негізгі мақсаты – тиісті деңгейдегі және қоғам сұранысына сай құзыретті, еңбек нарығындағы бәсекеге қабілетті, жауапты, еркін өз кәсібін меңгерген, сабақтас салаларға бағдарланған тиімді жұмыс істеуге қабілетті маманды даярлау. Бұл мақаланың мақсаты болашақ кәсіптік оқыту педагогтарының компьютерлік-графикалық құзыреттілігін қалыптастыруда инновациялық технологияларды қолданудың тиімділігін теориялық және тәжірибелік тұрғыдан негіздеу болып табылады. Мақаланың негізгі міндеттері: болашақ кәсіптік оқыту педагогының компьютерлік-графикалық құзыреттілігін қалыптастырудағы заманауи тенденцияларды және әдіснамалық ұстанымдарды анықтау; қазіргі әлеуметтік-мәдени жағдайда кәсіптік оқыту педагогының атқаратын жаңа функцияларын зерттеу, болашақ кәсіптік оқыту педагогтарының компьютерлік-графикалық құзыреттілігін қалыптастырудың инновациялық технологияларын қолдану және олардың тиімділігін тәжірибелік зерттеу барысында көрсету. Зерттеуге 6В01450 – «Кәсіптік оқыту» білім беру бағдарламасының 2, 3 курсында білім алатын 48 студент қатысты. Зерттеудің ғылыми жаңалығы болашақ кәсіптік оқыту педагогтарының компьютерлік-графикалық құзыреттілігін қалыптастыруға бағытталған педагогикалық шарттарды, диагностикалық критерийлер мен деңгейлік көрсеткіштерді нақтылауда, сондай-ақ геймификация, мультимедиалық визуализация, компьютерлік графика бағдарламалары және контекстік оқыту технологияларын біріктіретін әдістемелік кешенді тәжірибелік тұрғыдан негіздеуде көрінеді. Зерттеу нәтижелері болашақ кәсіптік оқыту педагогтарының компьютерлік-графикалық құзыреттілігін қалыптастыруда инновациялық оқыту әдістері мен технологияларын жүйелі қолданудың тиімділігін көрсетті.
В статье рассматриваются современные тенденции формирования компьютерно-графической компетентности будущих педагогов профессионального обучения. Актуальность исследования обусловлена цифровой трансформацией высшего образования и необходимостью подготовки педагогов, способных эффективно применять компьютерную графику, цифровые инструменты визуализации и инновационные технологии в профессионально-педагогической деятельности. Цель статьи заключается в теоретическом и экспериментальном обосновании эффективности инновационных технологий в формировании компьютерно-графической компетентности будущих педагогов профессионального обучения. В исследовании использованы методы анализа научно-педагогической литературы, анкетирования, педагогического наблюдения, педагогического эксперимента, сравнительного процентного анализа, количественной и качественной обработки результатов. В опытно-экспериментальной работе приняли участие 48 студентов 2–3 курсов образовательной программы 6В01450 – «Профессиональное обучение». Научная новизна исследования заключается в уточнении педагогических условий, диагностических критериев и уровневых показателей формирования компьютерно-графической компетентности будущих педагогов профессионального обучения, а также в практическом обосновании методического комплекса, объединяющего геймификацию, мультимедийную визуализацию, программы компьютерной графики и технологию контекстного обучения. Результаты исследования показали положительную динамику сформированности компьютерно-графической компетентности студентов: показатель высокого уровня увеличился с 23% до 63%, а показатель низкого уровня снизился с 52% до 18%. Полученные результаты подтверждают эффективность системного применения инновационных технологий в процессе профессиональной подготовки будущих педагогов.
The article examines modern trends in the formation of computer graphics competence among future vocational education teachers. The relevance of the study is determined by the digital transformation of higher education and the need to train teachers who are able to effectively use computer graphics, digital visualization tools and innovative technologies in professional pedagogical activities. The purpose of the article is to provide theoretical and experimental justification for the effectiveness of innovative technologies in developing computer graphics competence among future vocational education teachers. The study used methods of scientific and pedagogical literature analysis, questionnaires, pedagogical observation, pedagogical experiment, comparative percentage analysis, and quantitative and qualitative data processing. The experimental study involved 48 second- and third-year students of the educational program 6B01450 – Vocational Training. The scientific novelty of the study lies in clarifying the pedagogical conditions, diagnostic criteria and level indicators for developing computer graphics competence among future vocational education teachers, as well as in experimentally substantiating a methodological complex that integrates gamification, multimedia visualization, computer graphics software and contextual learning technology. The results showed positive dynamics in the development of students’ computer graphics competence: the high level increased from 23% to 63%, while the low level decreased from 52% to 18%. These results confirm the effectiveness of the systematic use of innovative technologies in the professional training of future teachers.