БИОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ КОНТЕКСТІНДЕ ЗЕРТТЕУ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Б.К. Мисинова, А.А. КитапбаеваБұл мақалада биология пәнін оқытуда білім алушылардың зерттеу құзыреттіліктерін қалыптастыру мәселелері мен оның педагогикалық ерекшеліктері қарастырылады. Зерттеу құзыреттілігі білім алушылардың ғылыми әдістерді қолдану арқылы биологиялық құбылыстарды түсіну, өз бетінше зерттеу жүргізу, гипотезаларды құру және алынған нәтижелерді жүйелі талдау дағдыларын дамытуға тікелей ықпал етеді. Мақалада Шығыс Қазақстанның балшырынды өсімдіктері мен олардың нектар өнімділігіне климаттың өзгеруі тигізетін әсерін зерделеу арқылы магистранттармен өткізілген практикалық зерттеу нәтижелері ұсынылған. Зерттеу жұмыстары білім алушылардың шығармашылық, тәуелсіз ізденісін арттырып, олардың креативті ойлау қабілеттерін дамытуға, сондай-ақ ғылыми-зерттеушілік іс-әрекет кезеңдерін меңгеруіне көмектесті. Мақалада сондай-ақ білім алушылардың топтық зерттеу жұмыстары, зерттеу дағдыларын дамытуға арналған арнайы тапсырмаларды орындау барысындағы тәжірибесі мен олардың зерттеу құзыреттіліктерінің қалыптасу деңгейі талданған. Сауалнама нәтижелері білім алушылардың басым бөлігінің (90%) жаңа практикалық дағдыларды меңгергенін және зерттеу жұмысын оң бағалағанын, ал зерттеушілік қабілеттерінің артқанын респонденттердің 40%-ы атап өткенін көрсетеді. Мақалада көрсетілген зерттеулер биологиялық білім беру жүйесін жетілдірудің қажеттілігін және оны болашақта дамыту үшін ғылыми жұмыстардың маңыздылығын айқындайды. Жекелеген әдістер мен құралдарды қолдану білім алушыларды өздігінен жұмыс істеуге, шығармашылықты шыңдауға және заманауи ғылыми ойлауды қалыптастыруға бағыттайды.
В данной статье рассматриваются вопросы формирования исследовательских компетенций обучающихся при обучении биологии и их педагогические особенности. Исследовательская компетенция напрямую способствует развитию у обучающихся навыков понимания биологических явлений посредством применения научных методов, проведения самостоятельных исследований, построения гипотез и систематического анализа полученных результатов. В статье представлены результаты практического исследования, проведенного с участием магистрантов, по изучению медоносных растений Восточного Казахстана и влияния изменения климата на их нектаропродуктивность. Исследовательская работа позволила повысить творческий, независимый поиск обучающихся, развить их креативное мышление, а также помогла освоить этапы научно-исследовательской деятельности. В статье также анализируются групповые исследовательские работы обучающихся, их опыт выполнения специальных заданий, направленных на развитие исследовательских навыков, и уровень формирования их исследовательских компетенций. Результаты анкетирования показывают, что 90% обучающихся овладели новыми практическими навыками и положительно оценили организацию исследовательской работы, тогда как рост собственно исследовательских способностей отметили 40% респондентов. Представленные в статье исследования подчеркивают необходимость совершенствования системы биологического образования и важность научной работы для ее дальнейшего развития. Использование отдельных методов и инструментов ориентирует обучающихся на самостоятельную работу, оттачивание творческих способностей и формирование современного научного мышления.
This article examines the formation of students' research competencies in biology education and their pedagogical characteristics. Research competence directly contributes to developing students' skills in understanding biological phenomena through the application of scientific methods, conducting independent research, formulating hypotheses, and systematically analyzing the results obtained. The article presents the results of a practical study conducted with master’s students to investigate the melliferous plants of East Kazakhstan and the impact of climate change on their nectar productivity. The research work enhanced students' creative and independent inquiry, developed their creative thinking skills, and assisted them in mastering the stages of scientific research activities. Furthermore, the article analyzes students' group research work, their experience in completing specific tasks designed to develop research skills, and the level of formation of their research competencies. Survey results demonstrate that 90% of students acquired new practical skills and positively assessed the organization of the research work, while an increase in their research abilities was reported by 40% of the respondents. The research presented in the article highlights the necessity of improving the biological education system and the importance of scientific work for its future development. The application of specific methods and tools directs students toward independent work, the refinement of creativity, and the formation of modern scientific thinking.